Іс-шараны өткізу барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау және оларға кредит беру, фитосанитариялық қауіпсіздік, ветеринариялық іс-шаралар мәселелерін қоса алғанда, саланы қаржыландырудың негізгі бағыттары бойынша уәкілетті органның жауапты қызметкерлері тыңдалды. Сондай-ақ мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, аграрлық ғылым салаларын қаржыландыру, мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру да қаралды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кредиттеу шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүзеге асырылатын облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер туралы ақпарат берілді.
Талқылау қорытындысы бойынша министрліктің негізгі бюджеттік бағдарламаларының орындалуы мен тиімді пайдаланылуы депутаттың тұрақты бақылауында болатыны туралы шешім қабылданды.