Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е.Мәмбетов Мәжілістің жалпы отырысында Солтүстік Қазақстан облысы ауыл тұрғындарының көші-қоны проблемасы жөнінде депутаттық сауал жариялады

Депутат Е.Мәмбетов Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министріне депутаттық сауал жолдады. Онда Солтүстік Қазақстан облысы ауыл тұрғындарының көші-қоны проблемасын көтерді.

Ауылдарда жұмыс орындарының қысқаруы байқалады. Жыл сайын тұрғындар жаппай қоныс аударып келе жатқан ауылдардың саны артып келеді.

Бұл жағдайдың негізгі себебі өңірдегі өмір сүру деңгейінің төмендігі болып табылады: ауыл тұрғындары жалақыларының төмендігі, сапалы ауыз су, жол, климаттық жағдайлардың болмауы.

Депутат Ұлттық экономика министріне ауылда тұру үшін жергілікті халықты ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау және халықтың кетуін азайту мақсатында солтүстік өңірлер үшін көтерме жәрдемақыларды, балалардың туу кезіндегі жәрдемақыларын, жалақыға қосымша ақыларды, сондай-ақ 1,15 коэффициентін қолдана отырып, "Солтүстік үстемеақыны" көздеу сияқты басқа да материалдық ынталандыруларды ұлғайту туралы жүгінді.