Бүгін, 06.06.2024ж. Депутат Д.Наумова ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен бірлесіп ұйымдастырған «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заңы бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Шараға басқа да министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Депутаттар құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың қысқа мерзімде қол жеткізген елеулі нәтижелеріне назар аударып, прокурорлардың осы бағыттағы жұмысын күшейту мақсатында активтерді өндіріп алу туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ олар қайтару тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін заңнамаға қажетті түзетулерді қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.