2023 жылғы 15 қыркүйек күні депутат А.Назаров Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында болды.
Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған Біртұтас тәрбие бағдарламасы қарастырылды және ұсыныстар берілді.
Аталған бағдарлама осы оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы мейірімділік, адалдық, әділдік, бірлік, бауырмалдық, отаншылдық, мемлекетшілдік, еңбекқорлық, мәдениеттілік қасиеттері мен құқықтық және экологиялық мәдениетке тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят құндылықтарына негізделген.