2023 жылғы 2 қазан күні «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысына мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында министрліктердің мәдениет және ақпарат, туризм және спорт салаларына 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет талқыланды, тиісті ұсыныстар айтылды.