2023 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша таныстырылым өтті. Оны әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнамасын жетілдіру және трансферттік баға белгілеуді әрі капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейту болып табылады. Заң жобасы трансферттік баға белгілеуді бақылауды күшейту бойынша бірқатар тұжырымдамалық шараларды қамтиды. Оның ішінде, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының BEPS-тің 13-қадамы бойынша ұсынымдарына сәйкес үш деңгейлі есептілікке қойылатын талаптарды жетілдіру, тауар биржаларында жасалған мәмілелерге трансферттік баға белгілеу бойынша бақылауды қайтару, өзара байланысты тараптарды айқындауды кеңейту және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіру. Заң жобасын қабылдау трансферттік баға белгілеуге және капиталдың елден шығарылуына бақылауды күшейтуді қамтамасыз етуге жағымды әсер етеді, бұл халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операциялармен байланысты мәмілелерде мемлекеттік кірістің шығасыларын болдырмауға оң әсер етеді. Заң жобасының негізгі жай-күйін Қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлы Біржанов баяндады.