Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«2030 жылға дейінгі қауіпсіз Еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді талқылау» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2023 жылғы 5 желтоқсанда Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді көшпелі талқылау өткізді. Көшпелі іс-шара Астанада «Локомотив құрастыру зауыты» базасында өтті.

Дөңгелек үстел барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова депутаттарға Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын ұсынды, еңбекті қорғау саласындағы ағымдағы ахуал туралы баяндады.

Өз кезегінде төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Мереке Пішембаев қауіпті өндірістік объектілердегі авариялылықты төмендету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы», «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы», «Қазақстан құрылысшылар одағы» кәсіптік бірлестіктерінің өкілдері мен депутаттар  қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы туралы пікірлерімен бөлісті.

 Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Үкіметке жіберілетін болады, сондай-ақ Мәжілістегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі одан әрі жұмыс кезінде ескерілетін болады.