Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасының таныстырылымы

2024 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылды.

Заң жобасының таныстырылымына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі С.М. Жарасбаев, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

Заң жобасы Мемлекет басшысының Азия ойындарының қорытындылары бойынша айтылған тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді.

 Заң жобасында спорт түрлерін басым жағына қарай қаржыландыру және спорт түрлерін саралау жүйесін алып тастау; аккредиттелген спорт федерацияларының мәртебесін республикалық және өңірлік федерациядан ұлттық федерацияға өзгерту; спорттық медицинаны дамыту; спортшыларды даярлау стандарттарын әзірлеу және бекіту; дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін ең төменгі жасты белгілеу; сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау көзделеді.

Таныстырылымда заң жобасының нормалары бойынша сұрақтар, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.