Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» тақырыптық отырыс

2024 жылғы 8 ақпан күні Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» тақырыптық отырыс өтті.

Күн тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі  С.Қ.  Ахметжанов, оқу-ағарту вице-министрі Е.С. Оспан, ғылым және жоғары білім вице-министрі  Т.І. Ешенқұлов, денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю. Дудник, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасов, мәдениет және ақпарат вице-министрі Д.Р. Қадыров, туризм және спорт вице-министрі  М.Қ. Төлебаев баяндама жасады.

Отырыс барысында депутаттар сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты.