Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықпен кездесу

3 шілде 2023 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Назаров Ардақ Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, қарттармен кездесу өткізді, сонымен қатар аудандағы ауруханаға барып, денсаулық сақтау саласындағы мамандармен кездесті.

Есік қаласында орналасқан спорт кешенінде болып, жаттықтырушылар мен спортшылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Жөндеуден өткен стадионда болды.

Еңбекшіқазақ аудандық әкімінің орынбасары К. Ақшабаев және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ. Айсинамен бірге Еңбекшіқазақ аудандық «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмыс барысымен танысып қайтты.

Сондай-ақ, аудан жұртшылығымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.