2023 жылғы 25 желтоқсанда Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Ел спортының үздіктерін марапаттау рәсімі» өтті.
Ел абыройын асқақтатқан спортшылар мен спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталды.
Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және биылғы әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, спорт журналистері қатысты.