Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Балаларды құттықтау

Депутат Ардақ Назаров Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге «Қош келдің Жаңа жыл!» іс-шарасында болды, онда балаларды Жаңа жылдық мерекемен құттықтады.

Іс-шара Қазақ мемлекеттік циркінде ұйымдастырылды, оған 1200 бала қатысты, олардың әрқайсысына сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев балаларды Жаңа жылмен құттықтап, Балалар үйіне сыйлық ретінде автобус кілтін (25 орындық Yutong ZK6745DX), қосымша жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер салынған сыйлық пакеттерін табыс етті.