Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен кездесу

2024 жылғы 25 сәуір күні Мәжіліс депутаттары Ардақ Назаров пен Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Мемлекеттік Ұлттық жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастардың білім алу құштарлығын ояту, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие, ата-ананың қадірін бағалай білу, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілік, қазіргі қоғамдағы алаяқтық, ойынқұмарлық пен ішімдік, электронды темекі сияқты жат қылықтардан бойын аулақ ұстау, парасаттылық пен адалдыққа жету, бос уақытты тиімді пайдалану туралы тақырыптар қозғалды.