Бүгін депутат Г.Нұрымованың жұмыс графигі өте көлемді болды.
Бүгін Комитеттің кезекті отырысында Денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Ратификациялау бойынша бірқатар заң жобалары талқыланды. Сондай – ақ, Комитет ұйымдастырған іс-шаралардың ұсынымдарын орындау жөнінде ақпаратты тындадық. Мысалы, ТжКБ жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды орындау, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды дамыту туралы ақпаратпен таңысты.
Депутат әскери полиция органдары туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Ертең Мәжілістің жалпы отырысында депутатар оны және онымен байланысты іліспе жобаны бірінші оқылымда талқылайды.
Г.Нұрымова депутаттардың, ҚР ІІМ, ҚР ДСМ және басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің, сарапшылардың қатысуымен "Жастар арасында "дәріханалық нашақорлықтың" таралу және қолдану қаупі туралы мәселені талқылау" тақырыбында дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Бұл қазіргі қоғам үшін өте маңызды мәселе және ТМД көптеген елдерінде мұндай құралдардың салыстырмалы түрде оңай қол жетімділігі, арзандығы және заңдылығы нәтижесінде пайда болған нашақорлық бар екені жасырын емес. Сондықтан бұл мәселені қоғам мен мемлекет бірігіп шұғыл шешу керек.
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ құрылымдық бөлімшелерімен 2021 жылғы 17 маусымда өткен "Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың проблемалары мен перспективалары туралы" тақырыбында өткен дөңгелек үстел ұсынымдарының орындалуын талқылау бойынша жұмыс кездесуді өткізді. Денсаулық сақтау министрлігі цифрландыруды одан әрі дамыту бойынша жүргізіліп жатқан көптеген жұмыс туралы баяндады, алайда бұл салада шешілмеген мәселер әлі де көп, кейбірі дөңгелек үстел өткізілген сәттен бастап шешуін таппады. Сондықтан медицина саласынан келген депутаттар денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің қалай шешілетініне үнемі бақылау жүргізуде.