Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Алматыдағы республикалық спорт колледжімен байланысты мәселе, өкінішке орай, әлі де шешілмеді. Оқу жылының үшінші тоқсаны басталды, ал оқушылар мектептің қабырғаларына оралу туралы қуанышты хабарды естімеді. Хаттар, депутаттық сауалдар, оқушылар мен ата-аналардың "Аманат" партиясынын депутаттарымен және Министрлік басшылығымен кездесулері нәтиже бермеді. Депутаттар бұл мәселені Премьер-Министрінің қабылдауында көтерді, ол депутаттардың алдында МСМ басшылығына спорт мектебінің жұмысын қайта бастау туралы тікелей тапсырма берді. Алайда, балаларды да, ата-аналарды да жұбататын ештеңе жоқ. Жақында Министрлікті жаңа басшы басқарды, бірақ сұрақ орнынан қозғалмады. Депутаттар мектеп мәселесін қайта-қайта көтеріп, ақыры оның ашылуына қол жеткізу үшін 12 қаңтарда Премьер-Министрмен кездесуді күтүде.