28 наурызда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Дөңгелек үстел өткізді. Депутаттар парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасын дамыту перспективаларын талқылады. Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев дөңгелек үстелге қатысушыларға 2021 жылдан бастап қондырғыларды квоталау бенчмаркинг әдісін қолдану негізінде толық жүзеге асырылатынын айтты. Министрлік сонымен қатар көміртегі нарығын жандандыруға және көміртектің нарықтық бағасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін аукциондық механизмді енгізуді ұсынады. Экологиялық және биржалық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, басқа салаларда да заңнаманы жетілдіру қажет. Депутаттар Энергетика министрлігінің, бірқатар салалық қауымдастықтардың және т.б. өкілдерін тыңдап, бірқатар сұрақтар қойды. Комитет депутаттары жұмысты жалғастыру үшін бейінді мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобын құру қажет деп санайды.