Бүгін Экология мәселелері және табиғат пайдалану Комитетіңде "Акваөсіру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын талқылау бойынша Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, сарапшылар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т. Жүнісов сөз сөйледі, депутаттар «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры К. Б. Исбековтың, «Караганда Осетр» ЖШС атқарушы директоры Д. Әбілдиннің, ШҚО "Grand Fish" ЖШС құрылтайшысы С. Н. Медведевтің , «MG» шаруа қожалығының басшысы, «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы» Алматы облысы бойынша төрағасы М.Тұрсынәлінің баяндамаларын тындады. Заң жобалары бойынша жұмыс тобының құрамында жұмыс істейтін сарапшылар көптеген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды. Заң жобалары бойынша жұмыс жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.