Мәжілісмен Асқар Садықов Ақтөбе облыстық прокуратура ұжымымен кездесті.
Кездесуге сонымен қатар Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттары Денис Степнов және Асқар Тлеубергенов қатысты.
Кездесу барысында, Ақтөбе облысының бас прокуроры Дауешов Халидолла Зиноллаевич өңірдегі бірқатар мәселелерді көтерді.Атап айтқанда, соңғы жылдарда жол көлік оқиғасының жиілеуі, соның кесірінен адам шығынының көбеюі, құрылыс салушы компаниялардың тұрғын үй үлескерлері алдындағы міндеттемелерін орындамауы сынды мәселелер қозғалды.
Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Асқар Садықов бұл мәселелерді өз бақылауына алатынын айтты.