Садықов
Асқар
Аманбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева мен ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Асқар Садықов Марат Оспанов атындағы БҚМУ ұжымымен кездесті.

Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева мен ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Асқар Садықов Марат Оспанов атындағы БҚМУ ұжымымен кездесті.

Университет ректоры Әсет Қалиев халық қалаулыларын тарихы тағылымды оқу орнының тыныс-тіршілігі, профессор-оқытушылар құрамымен таныстырып, оқу-тәрбие процесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де жан-жақты тоқталып өтті.

Депутаттар өз кезегінде, Парламентте қарастырылып отырған медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу және медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыру туралы заң жобасын талқылады. Сақтандыру - бұл медицинадағы жаңалықтардың бірі. Сақтандыру жағдайы басталған кезде, өмірі мен денсаулығына залал келтірілген пациент біржолғы сақтандыру төлемін алуға құқылы .

Кездесу барысында медициналық салада ғана емес , сонымен қатар жастар арасында лудомания, студенттердің несие алу мүмкіндігі және нәтижесінде алынған несиелерді өтеу үшін жұмыс іздеп, 2 және 3 курстарда білім берудің үзілуі туралы оқытушылар сұрақтар қойды. Өз кезегінде, мәжілісмендер Лудомания мәселесі басты назарда екенін айтып, 2024 жылы осы мәселе бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын және де 21 жасқа толмаған, ресми табысы жоқ азаматтарға кредит алуды шектейтін заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

Кездесуден соң Мәжіліс депутаттары университеттің коворкинг және тест орталықтары мен морфологиялық лабораториясында болып, жұмыстарымен танысты.