Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"AMANAT" партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Күн тәртібіне 2 тақырып шығарылды:

1. Жастардың арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы.

2. Жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы.

🚨Екі тақырыпта өте өзекті. Қызу талқылау болды. Алғашқысынан бастайын. Синтетикалық есірткі мәселесі ушығып тұр қазір. Тоқтатпасақ ұрпақтан айырыламыз.

🚨Сандар сөйлесін: соңғы 3 жылда тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 10 есе көбейген: 2019 ж. - 10 кг, 2022 ж. 6 айында – 100 кг). Қазір синтетикалық есірткінің түрі 50 есеге артқан.

Биыл есірткі дайындайтын 40 зертхана анықталған. Олардан 80 тонна прекурсор тәркіленген. Сұмдық, осынша прекурсордан 8 тонна есірткі дайындауға болар еді. Одан қанша баланың уланып бітетінін есептей беріңіз. Бұл тек анықталғаны ғана!

♦️Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен есірткі заттарына қарсы кешенді жоспар дайындалуда. Оған 53,2 млрд теңге қарастырылған. Аталған жоспар жүзеге асып, ұрпағымызды у-дан сақтап қаламыз деп үміттенемін. Жағдай қиын әйтпесе. Синтетикалық есірткілерді қазір мектеп оқушылары да қолданып жүр.

🚨Кеңес мәселені бір талқылап тастамайды, аталған түйткілдің түйіні тарқағанша талдаймыз және тиісті құзырлы орындарға ұсыныс пен талаптарды жолдаймыз.


Image title