Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ

🚨Бүгін Республикалық Жастарды қолдау кеңесінің екінші отырысы өтті.

Тақырып: 1. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг, суицид;

🚨Талқылау барысында адам шошырлық ақпараттар айтылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2022 жылғы ақпараты бойынша, жер шарында 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайды. Қазақстан суицид саны бойынша әлемде 20-орында тұр, соның ішінде 10-19 жастағы жасөспірімдер арасында 10-орында. Қазақстан 15-17 жастағы жасөспірімдердің суицид саны бойынша (2022 жылғы ақпарат) әлемде алғашқы ондықта тұр.

🚨2023 жылдың 5 айындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда балалар арасындағы суицид саны еселеп артқан. Былтырғы жылдың 5 айымен салыстырғанда биыл жасөспірімдер арасындағы суицид 33,3% көбейген. Өз-өзіне қол салмақ болғандардың 34,1% мектеп оқушылары, 15,2% колледж бен лицейде оқитын балалар, 2,9% ЖОО студенттері, 47% оқу орындарында тіркелмеген жастар.

🚨ЮНИСЕФ Қазақстан мәліметтері бойынша балалардың 66%-ы мектепте зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болған, 44%-ы мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, 24%-ы мектептегі басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасаған.

🚨Бірнеше проблема айтылды, мектептегі 1 психологқа кейде 700 баладан, кей өңірде 1500 баладан келеді. Мамандар үлгермейді. Салдарынан 1 рет суицид жасамақ болған балалар психологтың тиісті көмегін ала алмай қайтадан өз-өзіне қол салмақ болған.

🚨Құзырлы орындарда Буллингпен күресетін арнайы механизм жоқ. Өздері айтты.

🚨Психолог деген арнайы маман жетпейді. Біздегі ЖОО-ы педагог-психологты ғана оқытады. Үлкен проблема.

🚨Бұдан басқа да сұмдық статистикалар мен сандар айтылды. Тиісті ұсыныстарды Үкіметке жолдаймыз.

Отырысқа аталған мәселеге жауапты Үкімет мүшелері, мәжіліс депутаттары, вице-министрлер және тақырыпты зерттеп жүрген қоғам өкілдері қатысты.


Image title


Image title