Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ

“Республикалық Жастарды қолдау” кеңесінің үшінші отырысы өтті.
Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды:
🔹Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарын талқылау.

Шынын айту керек, кешенді жоспарға көңіл толған жоқ. Жалаң сөздер, бітпейтін бастамалар, атүсті жасалған жобалар. Кеңестің мүшелері мемлекеттік орган өкілдеріне өткір сын айтты, орынды ұсыныстар тастады. Бюджеттен қыруар қаржыны қажет ететін кешенді жоспар біздің кеңесте қолдау таппады. Өйткені алаулатып жоба жасап бюджеттің ақшасын ысырап қылу, кейін елге өтірік есеп беруді доғару керек. 2 сағаттан астам талқылаудан кейін мемлекеттік орган өкілдеріне кешенді жоспарды қайта қарауды, біздің ұсыныстарды енгізуді тапсырдық. Тамызда бұл мәселені қайта қараймыз!

🔹Жиынға кеңес мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары қатысты.
Орталық мемлекеттік органдардан:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
7. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
8. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамы қатысты.