Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттың 2023 жылғы 3-12 шілде аралығындағы аймақтағы жұмысы

Билік өлім мен өмірдің арасында жүрген қарапайым жұмысшыларды алаламау керек! “Орманшылардың жалақысы өседі” деп сүйіншіледі Экология министрлігі. Расымен орманшылардың әлеуметтік жағдайы нашар, қатардағы қызметкерлер 70 мың теңге жалақы алады. Орманды қорғайтында, өрт болса бірінші боп сөндіретінде солар!

🚨Бүгін «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Орал қаласының шаруашылығы» КММ қызметкерлерімен кездестім. Жағдайдың қаншалықты нашар екенін көзбен көрдім. Осы мекемедегі өрт сөндіру қызметінде 8-ақ адам қызмет етеді, себебі 70 мың теңге жалақы үшін ешкім өмірін бәйгеге тікпейді, жұмысқа келмейді. Трактор жүргізушілері де сол. Жуырда “Орманшылардың жалақысы өседі” деді Экология және табиғи ресурстар министрі. Сала мамандары қуанды.

🚨БІРАҚ, айлығы өсетін орманшылардың қатарына бас есепші, экономист, есепші-кассир, заңгер, механик, шаруашылық меңгерушісі, кадр маманы, іс жүргізуші, өрт сөндіру станциясының сарбаздары, трактор жүргізуші, автокөлік жүргізуші, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, тұқымбақ жұмысшылары, радио байланыс операторы, автокөлік жөндеуші, ағаш құлатушы, қарауылшық (сторож), кіші қызметкерлер енбей қалған! Бұл қалай? Ондаған маман келіп әділетсіздікті айтып шағымданды маған. Экология министрлігі “аталған мамандарға жалақының өсімі жергілікті бюджеттен қарастырылсын” депті. Жергілікті әкімдік “орталықтың тиісті шешімінсіз айлық өсіруге ақша берілмейді” депті! Бұл қалай? Адамдарды қашанғы 70 мың теңге айлықпен орман өртіне қарсы қоя ма? Абай облысындағы жағдай сабақ болмады ма?

🚨Қазір дереу хат дайындаудамыз, тиісті органдарға жолдаймыз. Кемшілік өте көп, кешірек жазамын бәрін!