Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
03.07.2023 ж., Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

Image title

🚨БҚО табаным тигенде Орманшыларға арнайы келдім. Табиғатты қызғыштай қорғап жүрген азаматтардың еңбегін билік бүгінге дейін елемегені рас! Түкке жетпейтін жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр еліміздегі мыңдаған орманшы!


🚨БҚО 216800 гектар орман бар. Сонша аумақтың амандығын 651 орманшы күзетіп жүр. Орманшылардың жалақысы 70 000 теңге!!! Қазіргідей қымбатшылықта бұл ақшаға адамдар қалай жан бағады? “Орманшылардың жалақысы өседі” деп сүйіншілеген Экология министрлігінің орманшыларды қалай алалап, қаншалықты әділетсіздік жасап жатқанын алдыңғы постта жаздым. Көріңіздер. Еңбек адамдарын бұлай өтірік уәдемен алдауға болмайды. Жазу бергі жағы, ресми түрде бұл мәселемен айналысамын!


🚨«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Орал қаласының шаруашылығы» МКК қызметкерлерімен кездестім. Бұл мекеменің мамандары 27839 гектар орманды күзетеді. Айлықтар сол 70 000 теңге. Түкке татымайды, салдарынан маман жетпейді, ешкім мұнда жұмысқа келгісі келмейді. 


🚨Орманшылардың техникалық жарақтары тіпті жұтаң. Оралдағы мекемеге 27839 гектар орманды өрттен қорғауға 1 ғана өрт сөндіру көлігі берілген. 2015 жылы шығарылған, оның өзі жалғыз мост, жолсызбен жүре алмайды! Ұзындығы 200 шақырымнан астам аумақты жалғыз көлікпен қалай өрттен қорғауға болады? Арнайы киім-жарақтарда жұтаң.

…барлық мұң-мұқтажды қағазға түсірдім, айналысамын! Ертең “жоспарды орында” деген тапсырманың орманшыларды қалай орға жығып жатқаны туралы жазамын!




Image title

Image title