Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
03.07.2023 Ж., БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

🚨Шенеуніктерге жоспарды ести сала алашапқын болатын кездің келмеске кеткенін түсінетін кез жетті. Жергілікті жердегі шенділер алдымен тапсырманың түбіне үңілуді, бастаманың байбына баруды үйрену керек!

🚨БҚО-ғы сапарымда Орал орман шаруашылығы питомнигіне бардым. Сансыз тұқым салынған, миллиондаған түп ағаш өседі, соны ертең БҚО-ның әр аумағаны отырғызады.

🚨БІРАҚ тұқымбақтағы түптің бәрі Қарағаш. Орталықтан берілген жоспарды жалаулатып жасамау керек дейтінім осыдан! Себебі, питомниктегі мамандар “қарағашты ешкім алмайды, жиһаз, аспап басқа да зат жасауға жарамайды, облыс тұрғындары отынға да алмайды себебі бәрінде газ бар” дейді. Ал орманшылар “қарағашты ешкім алмағандықтан уақыт өте келе ол қурайды, салдарынан орман өртіне себеп болады” дейді. Міне мәселе! Питомникке мыңдап егілген қарағаштың ештеңеге жарамайтынын, оның ертең өртке себеп болуы мүмкін екенін қатардағы мамандар біліп тұр. Бірақ ағаш егу керек деген орталықтың тапсырмасы қысып бара жатыр дейді қызметкерлер. “Басқа ағаш түрін отырғызу үшін, жерсіндіру үшін асықпай зерттеу керек, тіпті БҚО суармалы шаруашылыққа көшу керек” деген ұсыныс айтыпты ғалымдар. Алайда терең зерттеуге алашапқын тірлік мойын бұрғызар емес. Асыққан шенеуніктің ісі!

🚨Тағы бір түйткіл, питомник қызметкерлерінің айлығы. 70 000 теңге жалақы беріледі, сәйкесінше ешкім мұнда күн астында жүріп жұмыс істеуге келмейді. Суретте жүргендер студенттер, жазғы практикаға келген. Жалғыз түйін: жұртқа жақсы жалақы төлеу керек, формализмді жою керек!