🚨БҚО-на сапарымда Өрт сөндірушілерге арнайы барып кездестім. Оттың ортасында оттан көйлек киіп жүретін нағыз батырлардың мұң-мұқтажын тыңдадым. Мұндағы мамандардың мұңы мың. Айлық шайлықтан артылмайды, техника қаусап тұр, әлеуметтік пакет атымен жоқ. Ретімен:
🚨БҚО Төтенше жағдайлар департаментінде 1100 қызметкер бар. Маман аз. Әлі 200-ге жуық өрт сөндіруші керек. Бірақ айлықтары 180 000 теңге. Үнемі оттың ортасында, қауіппен бетпе-бет келіп жүрген жандарға бұл жеткіліксіз! Тиісінше әлгі жалақы үшін ешкім өмірін бәйгеге тіккісі келмейді!
🚨Өрт сөндірушілерде әлеуметтік пакет атымен жоқ. Ай сайын тек коммуналдық төлемге деп 3700 теңге қосылады. Бұл қайда жетеді? Өрт сөндіруші басқа ауданға қызмет бабымен ауысса да уақытша тұруға болсын үй берілмейді. Сонда шалғай жерлерді кім оттан қорғайды?
🚨Өрт сөндірушілерді техникалық жарақтандыру БҚО-да орта деңгейде. 80-ші жылғы машиналар әлі бар.
🚨Оралдың айналасы орман. Өрт шықса ауыздықтау қиын болады, себебі өрт сөндіретін тікұшақ жоқ. Батыс өңірлерге ортақ тікұшақ Атырауда тұр. Ол Оралға жеткенше 2 жарым сағат. Ол уақытта орман өртінің бақылаудан шығып кететіні анық! Одан бөлек кей аудандар мен ауылдық округтерде өрт сөндіру орталықтары атымен жоқ!
🚨Бұл мәселенің бәрін қағазға түсіріп құзырлы орындарға жолдаймын, өңірмен орталықты байланыстырып бірге жұмыстанамыз!