Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
05.07.2023 Ж., БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫ

🚨БҚО-ғы жолдың сапасы сын көтермейтінін білемін. Республикалық деңгеймен салыстырғанда БҚО-ның жолдары өте нашар күйде. Жергілікті жұрт жылап айтса да орталық билік елді елемей келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҚО-ның көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін айтқаннан кейін сең қозғалды. Тас жолы тас-талқан өңірге түзу жол ауадай қажет. БІРАҚ…

🚨Жол салуға жеткілікті қаржы облысқа берілмейді. Ақша жеткеннің өзінде қиыршық тас пен битум тапшылығы орын алады. Қолдан жасалған кедергі бұлар. Аталған проблеманы депутаттық сауал ретінде көтердім. Үкіметтен келген жауапқа “нашар”” деген баға қойып қайта жолдадым.

🚨Бүгін Орал қаласындағы күрежол Шолохов көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым. Жалпы ұзындығы 6,1 шақырым болатын жолды жөндеуге 4 миллиард теңгеден астам ақша бөлінді. Биыл жол бітеді, келесі жылы жарықтандыру жұмысы мен тратуарлар төселеді. Мұны мұқият қадағалаймыз!

🚨Бұл Оралдағы күрежол, жүк көліктері өтеді. Самарадан ағылған жүк көліктері Шолоховпен жүреді. Бір мәселе, жүктің салмаған есептемей тиейтін көліктер ертең жаңа жолдың талқанын шығармауы керек. Сондықтан бұл жермен өтетін жүк көліктерінің салмаған стандартқа сай тексеру керек дедім. Арнайы қызмет тартылуы тиіс. Жол құрылысының әр кезеңі аяқталғанда арнайы экспертиза жасалуы керек дедім. Материалдардың сапасын мұқият бақылау керек екенін ескерттім. Бұл жол 3 жыл гарантияда тұрады. Біздің бақылауда болады.

…мұнай мен газдың үстінде отырған халық шұрқ-тесіп жолмен жүрмеуі керек…


Image title

Image title