Бүгін Орал қаласында Қоғамдық қабылдау өткіздім. Мұқым елдің мәселесі өте көп, бұқараның базынасы басым.
🚨Әлеуметтік теңсіздік, сот шешімдеріне шағым, билік органдарының жауапсыздығы, кедейшілік, жоқшылық, білім саласындағы былықтар, денсаулық саласындағы проблемалар, тұрғын үйдің жоқтығы, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы, қаржылық пирамидалар тағысын тағы.
🚨Халық проблеманы нақты айтады, ұсыныстар мен талаптар орынды, соны естіп әрекет ететін билік органдарына мұқтаж. Республикалық деңгейде шешуді талап ететін мәселелерді өзіммен алдым, жергілікті жерде шешілетіндерін тиісті мекемелерге міндеттеп тапсырдым.
…3 жарым сағатта 32 адамды қабылдадым, енді аудандарды аралап қоғамдық қабылдау өткіземін. Аудандардың, ауылдардың мәселесімен танысамын!…