🚨БҚО-на сапарым барысында Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен кездесіп олардың мұң-мұқтажын тыңдадым, материалдық-техникалық базасымен таныстым. Бұл жасақ суға кеткен адамдарды құтқарады, сүңгуірлер су астынаа кеткен адамдарды іздейді, жол-көлік апатынан соң адамды шығару мүмкін болмаса темірді кесуге келеді, ғимараттар құлап астында тірі жан қалса құтқаруға жедел барады т.б.
🚨Мұндағы мәселені жалақыдан бастайық. Құтқарушылар небәрі 140 000 теңге айлық алады. Күнде өмірін бәйгеге тігетін адамдар үшін бұл тиын! Әлеуметтік пакет атымен жоқ! Сәйкесінше мамандар қызметке келмейді мұнда!
🚨Мысалы, суға батып кеткен адамды іздейтін сүңгуірге су астындағы әр сағаты 1000 теңге ғана төленеді. Тереңде жанын шүберекке түйіп, денсаулығына салмақ салып жүрген адамның еңбегін бағаламау бұл.
🚨Бұл Оралдағы жасақ. Аудандар мен ауылдарда жедел-құтқару жасағы атымен жоқ! Ол жақтағы ағайынның басына іс түссе кім құтқарады?!
…барлық мәселені естідім, құжаттап тіркедім, шешімін табуға жанымызды саламыз…