🚨БҚО-ғы сапарымды Бәйтерек ауданындағы Жалын ауылында жалғастырдым. Мәселе көп!
🚨Ауылда жол жоқ! Оралдың іргесінде тұрған ел жаңбыр жауса батпаққа батады. Аурухана да жоқ. Ауырған ағайын аудан аралап кетеді.
🚨Жалында жаңа мектеп салынып жатыр. 54 орындық мектептің құрылысы жақсы жүруде. Бірақ… Мектеп ауласына түгел брусчатка төселеді делінген, кейін сметадан сызылып тек 600 шаршы метр жерге брусчатка салынатын болыпты. Бірақ бұл қате! Себебі ауылға жаңбыр жауса айнала батпақ болады. Тиісінше балалар мектеп сыртындағы ойын алаңдарына бара алмайды, төтенше жағдай болса өрт сөндіру көліктері кіре алмайды т.б.
🚨Жалында мәдениет үйі жоқ. Мұндағы ел жаңа мәдениет үйі салынады дегенге сенбейді. Сондықтан ауылда қаусап тұрған ескі мәдениет үйі жөнделсе деген талап қойды ағайын.
…мәселелерді жазып алдық. Жергілікті жерде шешілетіндерін жергілікті шенділер реттейді, бақылаймыз. Орталықта қарастырылатындарын өзімізбен әкетеміз…