Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
10.07.2023 Ж., БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

🚨Ашынған ағайынды еститін құлақ, ескеретін шенеунік бар ма? БҚО-ғы Казталов ауданында Азаматтарды қабылдадым.

🚨Проблема өте көп: жер дауы, жол проблемасы, көпбалалы аналарға лайықты жағдайдың жасалмауы, құжаты жасалмаған апатты жатақханада жанын шүберекке түйіп отырған аналар, жел тұрса сөніп қалатын электр желілері, сапасыз интернет сынды ондаған мәселе айтылды. 2 жарым сағатта 30-дан астам азаматты қабылдадым.

🚨Жеке бас мәселелерінен бөлек елдегі идеология, жын-ойнақ телебағдарламалар, елдің салық төлеуден жалтаруы, мердігерлердің жауапсыздығы сынды кешенді мәселелерде көтерілді. Халықты тыңдау, елді есту биліктің міндеті!

…мәселелерді жазып алдық. Жергілікті жерде шешілетіндерін жергілікті шенділер реттейді, бақылаймыз. Орталықта қарастырылатындарын өзімізбен әкетеміз…


Image title

Image title