Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
10.07.2023 Ж., БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

🚨ХХІ ғасырда Қазақстандағы ауылдар ауыз сусыз қаталап отыр. БҚО-ғы Казталов ауданында 47 елді-мекен бар. Оның 22-сі ауыз сумен қамтылмаған!

🚨Оралдан Ресей Федерациясының шекарасына дейін республикалық маңызы бар тас жол төселіп жатыр. Соның Казталов ауданының үстімен өтетін бөлігінің 9 шақырымы төселмей, баяғы күйінде тасталған. Бұрын бетон плита төселген жол жоспарға енбей қалыпты. Жаңадан төселіп жатқан жүздеген шақырым жолдың 9 шақырымын соқыршектей тастап кету кімге керек болғаны беймәлім?! Бірақ аудан орталығына кірер жердегі бетондардың арматурасы шығып жатыр, көліктегі адамдарға өте қауіпті. Назарға алдым! Жалпы бұл республикалық жолдағы жұмыс өте баяу жүруде, алдында салынғандары бүлініп жатыр. Бұл мәселені депутаттық сауал ретінде көтердім. Алдағы күні жол бойында мердігерлермен кездесіп талқылаймын аталған мәселені.

🚨Казталов ауданындағы 16 елді-мекен газдалмаған. Облысқа тұтас тартылған көгілдір отынға қосылмай қалған ауылдардың мәселесін жергілікті билік жуырда шешпек, қадағалаймын!

🚨Аудандағы ауылдардың арасындағы жол әлі де нашар. Жаңбыр жауса жұрттың қатынауы қиындайды, бұқара батпаққа батады!

…мәселелерді жазып алдық. Жергілікті жерде шешілетіндерін жергілікті шенділер реттейді, бақылаймыз. Орталықта қарастырылатындарын өзімізбен әкетеміз…




Image title

Image title