2023 жылдың 5 мамырында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстандағы діни ахуал. Радикализм мен экстремизмге қарсы күрес. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың насихатталуы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.
Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму, ғылым және жоғары білім, білім вице-министрлері, Дін істері комитетінің төрағасы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы, Ішкі істер, бас прокуратура, денсаулық сақтау, әділет министрліктері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысты. Бейне конференцбайланыс құралдары арқылы облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері мен сарапшылар қатысты.