🚨Марокконың Марракеш қаласында өтіп жатқан «Конфессияаралық диалог: біздің ортақ болашағымыз үшін бірлескен жұмыс» атты парламенттік конференцияда сөз сөйледім. ҚАЗАҚ тілінде! Конференцияға 79 елден делегация келген. Бұдан бөлек, әлемнің әр түкпірінен 40 қоғамдық ұйым өкілі мен 30 діни басшы келген.
🚨Енді конференцияға қатысушы елдердің парламент өкілдерімен екіжақты кездесулер өткіземін. Қазірдің өзінде алда болатын халықаралық шараларға шақыртулар беріп, түрлі тақырыптарды талқылау басталды.
🔹Уақыт шектеулі, сондықтан баяндамамның толық нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырдым. Қазақша баяндамамның ағылшын тіліндегі аудармасын мамандарға бердік, олар қатысушыларға аударып отырды. Сол себепті сөзімді сөзбе-сөз оқу қажет болды. Қазақ елі жасасын!