"Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң 2023 жылғы 12 шілдеде қабылданды. Оның жекелеген нормалары 2023 жылдың қыркүйегінде күшіне енді. Бас прокуратураның активтерін қайтару комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 5 қазандағы Жарлығымен құрылды.
Активтерді қайтару туралы айтатын болсақ, бұл жұмыс ертерек басталғанын атап өту керек.
Тек соңғы 2 жылда құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 1,5 трлн теңге сомасына заңсыз алынған активтер қайтарылды.
Шетелдік серіктестермен қалыптасқан байланыстардың арқасында шетелден 589 миллион АҚШ долларын қайтарып алуға мүмкіндік туды.
Қолма-қол ақшадан басқа мемлекетке қонақ үйлер, кеңсе ғимараттары, мейрамханалар, бизнес орталықтар, жоғары деңгейлі жер учаскелері, базарлар, теміржол, қымбат зергерлік бұйымдар және т. б