Депутат Сейітжан Қ.С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері шақырылды. Бұл шараның мақсаты студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындары мен құрылыс компаниялары арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін енгізу жолдарын қарастыру болды.