13-15 маусым күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде (Америка Құрама Штаттары) БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының 16-шы сессиясына қатыстым.
Конференция асында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің конференциясына Қазақстан Республикасының өкілі ретінде қатыстым. Менің баяндамам БҰҰ сайтының журналында аталған конференцияға қатысушы ретінде жарияланды. Баяндамада мүгедектігі бар азаматтарға цифрлық технологиялар мен ақпаратқа қол жеткізудегі тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі мен азаматтық қоғам қабылдаған шаралар мен бастамаларға қысқаша шолу жасадым.