Сейтжан
Кенжеғұл
Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақ соқырлар қоғамына тиесілі кітапханалар жоқтың қасы

Зағип жандарға арналған кітапханалар ашуға тиісті ғимарат бұйырмай жүр! Бұл жайында ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан «Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. 6 ай бұрын халық қалаулысы көзі көрмейтіндерге кітапханаға ғимарат бөлуді сұрап, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған болатын. Себебі Қазақ соқырлар қоғамына тиесілі кітапханалар жоқтың қасы.

Дегенімен, қазір сең орнынан қозғалды. Тапсырма Астана қаласының мәслихатына берілді. Енді ақпарат бар, қажетті ғимарат қарастырылмақ. Кезіндегі көзінің мүкісі бар адамдарға арналған барлық ғимараттарды Қазақ соқырлар қоғамының кейбір басшылары өз пайдасына шешіп, жекенің атына аударып, кейбір жерлерді сатып жіберген. Осылайша әртүрлі заңсыз әрекеттер болды.

Бұдан бөлек көз жанарынан айырылған, мүгедекттігі бар азаматтарға арналған қызметтер мен техникалық құралдар бағасына да алып сатарлар араласып отыр.