Біздің бүгінгі кезекті сапарымыз Целиноград ауданы, Ақмол ауылында бір неше нысанды аралау болды. Бұндағы бірінші нысан – балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені болды.
Бұл кешенде дені сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар да айналыса алатын бірнеше бағыт бар. Орталықтың соңғы жетістіктерінің бірі Сергей Цирульниковтың бастамасымен балалар тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы ойнауды үйренетін интеллектуалды кабинет ашылды. Сондай-ақ 20 адамға дейін бір рет келетін спорт залы, күніне 130 баланы қабылдайтын бассейн, баскетбол, волейбол және футбол залдары ыңғайлы орналасқан. Сонымен қатар қазақша күрес, каратэ, садақ ату залдары бар, осы секциялардың барлығына мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады. Балаларды жеткізу «инва-такси» қызметінің көмегімен іске асырылса, балалармен жұмысты ұйымдастыруды «Болашақ» және «Батыр» орталықтары жүзеге асырады. Қоянды, Қабанбай батыр ауылдарында да бұл ұйымдардың филиалдары бар екендігі көңілді қуантты. Бұл ұйымдардың жұмысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Аудан әкімі орынбасарының айтуы бойынша, облыс орталығында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, ондағы пәтерлердің 20 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген. Шынымен осылай болып жатса дұрыс ақ әрине. Қазақстанның әр өңірінде аталмыш іс – шараны атқаруға болатындына көзім жеттң тек бірақ нәрсе керек , ол ҰМТЫЛЫС.