Қайырлы таң!
Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!
Теміртау қаласында жаңа инвесторға ие болған бұрыңғы Арселор казіргі ҚАРМЕТ комбинатының басшысы, қызметкерлері және жұмысшыларымен кездесу өткіздік.
Жұмыскерлерінің көңіл күйі жақсы. Комбинаттың жаңғыру процесін күтуде. Жалақыларын уақытылы алған.
Әзірше, бұрыңғы әлеуметтік ахуалдарының төмендемегініне риза.
Ең өзекті тақырып зейнетке 55 жасынан шыға алатындығы, сондағы кемі 7 жыл міндетті кәсіптік жарнасының болуы!
Осыған қатысты сұрақтар көп болды. Механизм іске қосылу барысында реттейтін сұрақтар туатыны хақ.
Екінші мәселе - вахта қызметіндегі жұмыскерлердің ОСМС төлемі.
Жұмыскерлердің ішінде Чернобыльге байланысты әлеуметтік төлем алатын азаматтар бар екен. Олар арнайы әлеуметтік төлемдер алған кезде біріншісінен айырлып қалмаймыз ба, деп алаңдауда.
Қала тұрғындары және жұмыскерлер тарапынан қоғамдық көлік, яғни автобустың қызметіне көңілдері толмайды.
Облыс әкімдігі тарапынан жеңілдік жасап тұрса да тендерді ұтып алған бизнесмен сапалы қызмет көрсете алмайтынын айтты!!! #AMANAT# #МӘЖІЛІС#