Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әріптестеріммен бірге Қарағанды қаласының Ә. Бөкейхан ауданындағы Темір жол колледжі, “Шұбаркөл көмір” АҚ қызметкерлерімен кездесуде

Қайырлы кеш! Құрметті, менің сәулелі оқырмандарым!

Бүгін жоспарланған Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентіне жете алмадық, жолды қар басып қалуына байланысты…

Әріптестеріммен бірге Қарағанды қаласының Ә. Бөкейхан ауданындағы Темір жол колледжі, “Шұбаркөл көмір” АҚ қызметкерлерімен кездестік.

✅ Шұбаркөлден шығатын 1 тонна көмірдің бағасы 8.500 теңге екен. Халыққа қандай бағамен жетіп жатқаны бұларға мүлде қызық емес!

Ал, қолданатын адамдарға жеткен кездегі бағаны өздеріңіз білесіздер!!!

✅ Сонда алып сатарлармен, тасымалдаушылар неше есе табыс табады, деген орынды сұрақ мазалайды!

Бұл Акционерлік қоғам жұмысындағы біршама мәселелерді талқылап қарадық. АҚ басшысы Экологиялық кодекс бойынша сұрақтар көтерді.

2. Темір жол колледжі мамандыққа байланысты оқу бағдарламалары 10, 34,36 айға арналған.

✅ Ең басты мәселе, кейбір түлектері оқу бітірген кезде 18 жасқа толмауы мүмкін. Оларды жұмысқа алмайды.

Мемлекет бюджеті есебіне дайындаған мамандарды жұмыспен қамтымау үлкен сұрақ.

Кездесу барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылды.

Олар жас болғанымен үйінен шығып тыста жүрген балалар.

Ересек өмірге аяқ басқан жас өспірімдер степендиясы мен ата-аналары берген қаржыны қажеттіліктеріне жеткізу үшін барлық шығындарын санап үйреніп жүр екен.

Ең бірінші сұрағы “нанның бағасы” неге қымбаттай береді. Ұн өзіміздікі ғой, дейді?

#AMANAT# #МӘЖІЛІС#