Шапақ
Үнзила

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Экономикалық одақтастық - қолданыстағы Конституцияда көзделген бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму қызметінің бір бағыты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ішкі сенімінен қуат алған ерік-жігері мықты, қажыр-қайраты орнықты, табандылығы мығым, көзқарасы, ұстанымы бекем басшы ғана еліміздің іргетасын халықаралық деңгейде шегендей алатынын көрсетті.

Экономикалық одақтастық - қолданыстағы Конституцияда көзделген бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму қызметінің бір бағыты.

Шарт бойынша мүше мемлекеттер егемендік теңдігі мен олардың аумақтық тұтастығы қағидаттарын құрметтей отырып, халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау басты мақсаты болып табылады.

Одақ шеңберінде шарттарда белгіленген шектер мен көлемдерде үйлестірілген немесе келісілген саясатты жүзеге асырады.

Сондықтан Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: "Қазақстан 2015 жылғы Шарттың негізінде дәл осы интеграцияны қолдайтынын тағы да атап өткім келеді. Яғни, «төрт еркіндік» және инфақұрылымға тең дәрежеде қолжетімділік, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек. Бұл – біздің ортақ ісіміздің негізгі қағидаттары. Қазақстан дәл осы қағидаттарды ілгерілетеді", деп қадап айтты.

Біздің Президент Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын анықтау қажеттігіне назар аударды.