Бүгін 25.04.2023. Сейсенбі - Комитет отырысы. Күн тәртібіндегі 5 заң жобасын талқыладық.
Ратификацияға жататын халықаралық шарттарды бірінші кезекте қарадық.
Мәжіліске келіп түскен қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын комитетке қабылдадық.
Заң жобасына Әділет вице-министрі Мұқанова Алма Қайратқызы таныстырылым жасады.
Аталған кодекстер қолданыста жүргеніне 8 жыл болды. Жыл сайын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген десем артық болмас. Дегенмен бұл заң жобасы біршама нақты, концептуальды мәселелерге арналған екен. Талқылау барысында жаза отырамыз. Талқылауға қатыса отырыңыздар! Жұмыс тобына Абзал Құспан жетекшілік етеді.
2022 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы Үкіметтің есебі келіп түсті. Үкіметтің атынан Қаржы вице-министрі Дәурен Оденұлы Темірбеков қазақ тілінде баяндады. Жұмыс тобына кірдім. Бас комитет Қаржы және бюджет.