«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ак-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ак-Тілек» (бұдан әрі Келісім) автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда- логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісім 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласында жасалды.
Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді қамтамасыз етеді, етеді, сондай-ақ инвестициялар тартуға ықпал етеді және тұтастай алғанда Қырғыз Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарды жақсартуға жәрдемдеседі.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі Заң жобасы) қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі <<Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес аталған Заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов