https://www.facebook.com/share/p/PQ5eyEjzBounxvaA/?mibextid=2JQ9oc
https://www.facebook.com/share/p/PQ5eyEjzBounxvaA/? Құрметті достар! Ескі Үкімет мүшелері Премьер-Министр орынбасары, Қаржы Министрі Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы және Денсаулық сақтау министрі Giniyat Azhar Ажар Ғиниятқызының еңбектерін ерекше айтқым келеді. Постпандемия кезеңінде күрделі уақытта бар ынтасымен еңбек еткен, денсаулық сақтау саласын жақсартуға бар қажыр қайратын арнаған Ажар Ғиниятқызына ризашылығымды білдіремін. Халықтың талап-тілектері күніге лек-легімен жолданады. Сол хаттардың арасында Министрдің тікелей араласып, шешетін мәселелерге нақты жауапкершілік алатын. Болса, болады деп, болмаса болмайды, неге, қандай себептермен болмайтындығын қарбалас графигіне қарамастан, күндіз-түні хабарласып, нақты айтатын. Қарапайым халыққа медициналық көмекке қолғабыс жасаған кездері өте көп болды. Әйел саясаткер ретінде де Ажар Ғиниятқызы нақты қолтаңбасы бар қайраткер бола білді. Мысалы, AMANAT партиясы жанындағы Әйелдер қанатында өңірлердегі Мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірлерден келген депутаттардың тарапынан көтерілген сұрақтардың дер кезінде шешілуіне еңбек етті. Ажар Ғиниятқызына зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін. |