«Жаңа-Әлжан диірмен комбинатының жұмысы туралы. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізілген «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-н жаңғырту жұмыстарымен таныстым. Бұл комбинат Қазақстандағы ең ірі жоғары технологиялық диірмен кешені. Кәсіпорын "Granum" сауда белгісімен жоғары наубайханалық қасиеті бар ұн өндіріп, елдегі жалғыз "Экстра" сортының ұнын өндіреді. Оның өндірістік қуаты жылына 140 000 тонна астықты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл облыстың ұнға деген қажеттілігін толық жабады, сондай-ақ 120 000 тоннадан астам астықты сақтауға қабылдайды. 2016 жылы кәсіпорын макаронның 15 түрін шығаратын фабриканы іске қосқан. Ал биыл 500,0 млн. теңге көлемінде инвестиция тартумен және қосымша жұмыс орындарын құрумен жаңғыртудан өтті. Мұнда қазір 300 адам еңбек етеді. Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың пайдаланылмайтын жерлер бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырмасы орындалып жатқандығы, Мәселен, екінші оқылымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының ерекшеліктеріне тоқталдық. Еңбек адамының мәртебесін көтеруге байланысты Мәжіліс депутаттарының атқарған жұмыстарына тоқталдым. 2023 жылы еңбек адамына арналған заң жобалары қабылданды. Соның бірі - зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстармен айналысатын адамдарға арналды. Енді зиянды жағдайда еңбек ететін мысалы, шахтерлерге 55 жастан бастап әлеуметтік төлем төленеді. Еңбек адамы өзінің жасаған еңбегіне лайықты жалақы алуға құқылы. Қоғамда еңбек құндылығы жан-жақты насихатталуы керек. #DeputatAMANAT |