Жамбыл өңірінің партия филиалымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, Құлан ауылы мен Мерке ауылының аналарымен кездесу өткіздік.
Өкінішке орай, қай аймақ болмасын аналардың мәселесі бір.
Ол-АӘК алудың қиындығы, және де гранттардың жеткіліксіздігі.
Айта кетерлік мәселенің бірі – Даун синдромы диагнозы қойылған баланың 2-3 жыл сайын комиссиядан өтіп, мүгедектігін растауы.
Бұл үшін ата-аналар үйлерін тастап, ауданға қатынап, ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр.
Аудандағы аналардың мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқан Жадра Көмекқызы Жиенбаева, Дәудеталиева Жанат Мырзаханова сынды белсенді аналарымыздың барына қуаныштымын.
Олар барлық санаттағы отбасыларға, соның ішінде көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ жетім балаларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсететін жеке қор ашуды жоспарлап отыр.
Осындай аналарымызға қолдау көрсетуіміз керек!