Бүгін, яғни 3 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты-әріптесім Ерлан Саировпен бірге Шығыс Қазақстан облысының әкімімен кездесуде болдық. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талқылап, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің Риддер ЖЭО жұмысын қалпына келтірудегі қолдауын жоғары бағаладық. Негізгі мәселелердің бірі - екі жаңа ауданның-Үлкен Нарын мен Марқакөлдің құрылуы. Қазірдің өзінде қаржыландыру көлемі, штат бірліктерінің қажетті саны және әкімшілік ғимараттарға қажеттілік анықталды.Қазіргі уақытта материалдық-техникалық базаны нығайту және жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша инфрақұрылым мен коммуникациялар құру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге біз депутаттар «Нұрлы жол» ықшамауданында салынып жатқан гематологиялық орталық пен мектепті, сондай-ақ пайдалануға беруге дайын болған көпсалалы колледж студенттеріне арналған жатақхананы араладық.