Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Армения-Қазақстан»

Image title

Мәжіліс депутаттары Армения Ұлттық Ассамблеясының «Армения-Қазақстан» достық тобының делегациясымен кездесті. Меймандарды Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар қарсы алды.

– Қазақстан Армениямен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән береді және оны екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласында одан әрі кеңейтуге ниетті. Заң шығару қызметі бойынша тәжірибе алмасу, тығыз әріптестік байланыс орнату елдеріміз арасындағы байланысты әрі қарай дамытуға ықпал етеді, – деді Айгүл Құспан.

«Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобян Арменияның Ұлттық ассамблеясы екіжақты форматта да, халықаралық платформалар арқылы да Қазақстан Парламентімен белсенді және тиімді ынтымақтастықты қалпына келтіруге дайын екенін айтты.

Сондай-ақ депутаттар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың маңызды бөлігі ретінде мәдени-гуманитарлық бағытқа да назар аударды. Талқылау нәтижесінде тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, достық топтары мен комитеттер аясында бірлесіп жұмыс істейтін болады.