* * *
Мәжіліс төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткіші мен екі шағын саябақтың ашылуына қатысады
АСТАНА. 1 шілде. Шілденің 3-і күні Мәжіліс төрағасы Аслан Мусин Астана қаласындағы Әлия Молдағұлованың ескерткішінің ашылуына қатысады(сағат 12-00). Бұл шара Елорданың 10 жылдығы аясында өтеді.
Елордада ашылғалы тұрған Әлия ескерткіші сәулетті мәдени құндылықтардың бірі болатыны анық.
Әлия ескерткіші Победа даңғылы мен Әлия Молдағұлова көшесінің қиылысында орналасқаны жарасым тауып тұр.
Сондай-ақ осы күні Мәжіліс төрағасының қатысуымен «Еуразия» шағын саябағы ашылады(сағат 12-10). Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орын тепкен бұл саябақты Батыс Қазақстан облысы абаттандырған.
Сонымен бірге Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Екі жауынгер» монументі жанындағы шағын саябағы ашылады(сағат 12-20). Бұл саясақты абаттандыруға Солтүстік Қазақстан облысы атсалысқан.
(Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі